Материал

Вестник Академии Национальной гвардии Республики Казахстан

9 13 октября, 2025 0

Модель системы применения национальной гвардии в территориальной обороне

The article considers the current issue of ensuring military security and defense. In the theory and practice of world and domestic military art, the organization and implementation of territorial defense, in the process of transforming the forms and methods of conducting armed struggle in modern conditions, is a guarantee of ensuring the security and defense of the population of the state, the safety of military and state facilities, life support facilities and the defense-industrial complex. The importance of territorial defense in this context is beyond doubt.

Ключевые слова: аумақтық қорғаныс, Ұлттық ұлан, әскерлерді құру, әскерлерді қолдану, қызметтік-жауынгерлік іс-қимыл, күштер мен құралдар, әскерлерді қолдану нысандары, әскерлерді қолдану тәсілдері

Модель системы применения национальной гвардии в территориальной обороне
Автор Название книги/материала Издательство Город / Год / Страница
Президент РК «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы» Әділет Астана / 2017 1
ВС Строительство вооружённых сил Большая российская энциклопедия Москва / 2015 2
Ахметов Ж.Х., Жампеисов Г.Н., Салханов Е.Р. Безопасность государства: наличие угроз и оценка состояния защищенности национальных интересов Военно-теоретический журнал «Бағдар-Ориентир» Астана / 2024 46-50
Ахметов С.Т. Ұлттық ұланның аумақтық қорғаныстағы міндеттерін өзектендіру ҚР ҰҰ Академиясының Хабаршысы Петропавл / 2025 72-79
Президент РК Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 «Төтенше жағдай туралы» Заңы Әділет Астана / 2013 5
Президент РК Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 «Соғыс жағдайы туралы» Заңы Әділет Астана / 2013 6
Для добавления комментария необходимо авторизоваться.

Increased Brand Visibility

Expand your digital footprint and reach more potential customers through targeted marketing efforts.

Higher Engagement Rates

Create meaningful connections with your audience through relevant and compelling content strategies.

Improved ROI

Maximize your marketing budget with data-driven campaigns that deliver measurable results.

Data-Driven Decisions

Make informed marketing choices based on comprehensive analytics and performance metrics.

Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жүзеге асыру күрделі іс-шаралар кешенін қамтиды. Оған мемлекеттің Үкіметінің жалпы басшылығымен кең көлемді аумақтық қорғаныс күштері мен құралдары тартылады. 

Заманауи жағдайда қалыптасқан реалийлерге сәйкес, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, оның ішінде аумақтық қорғаныс жүйесінде, Ұлттық ұланның рөлі артуда, ол аумақтық қорғаныстың елеулі күші ретінде танылып мойындалды. Ұлттық ұланды аумақтық қорғаныста қолдану, басқа басымдықтарды қоспағанда, Қарулы Күштерді өздерінің негізгі арналуы бойынша қолданудан аландатпауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге қатысты мемлекетте ресми қабылданған көзқарастар жүйесіне сәйкес, төнетін ықтимал әскери қатерлерді ескере отырып, басқа бағыттармен қатар, аумақтық қорғаныс жүйесін мемлекеттің әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз етудің ортақ жүйесіне интеграциялау шеңберінде әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы қатерге барабар ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын күшейту және инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар дәйекті және жоспарлы түрде жүргізілуде [1].

Бұл ретте, Ұлттық ұланды жетілдіру әскери іс теориясы мен тәжірибесінде негізделген, оның ұйымдастыру құрылымын, құрамын, жабдықталуын, жасақталуын, кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыруды, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен жүргізуді, әскери-ғылыми теорияны, жарғыларды, нұсқаулықтарды, басшылықтарды әзірлеуді, жан-жақты қамтамасыз етуді және басқа бағыттарды қойылатын талаптарға келтіру бойынша өзара байланысты шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылуы керек [2].

Ұлттық ұланның Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі рөлі мен орны қазіргі уақытта оны орта мерзімді перспективада Ұлттық ұланды дамытудың мемлекеттік бағдарламысы нысанында сандық және сапалық күшейтуді талап етеді [3].

Ұлттық ұланды дамыту бойынша шараларды сапалы жүргізу мақсатында оның аумақтық қорғаныс шегінде қолдануын тереңірек зерттеу қажет. Ол үшін әскерлердің аумақтық қорғаныс жүйесінде қолданылуы кезінде қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының құрылымы мен мазмұнын нақтылау абзал. 

Жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде әскерлерді аумақтық қорғаныс жүйесінде қолдану кезінде қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдың құрылымы мен мазмұны оның мақсатынан, факторларынан, шарттарынан, іс-шараларынан, әскерлерді қолдану заңдылықтарынан, қағидаттарынан, нысандарынан, тәсілдерінен, міндеттерді орындау күштері мен құралдарынан, өзара әрекеттесуден тұратындығын анықтадық. 

Біздің ойымызша, аумақтық қорғаныс шегінде қолдану кезінде қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының құрылымы мен мазмұны оның мақсатына тәуелді болады. Жүйеде анықталған мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ұлттық қауіпсіздік мүдделері қамтамасыз етіледі. Ұлттық ұланды аумақтық қорғаныс жүйесінде қолданудың мақсаты болып – қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету табылады [4].

Аумақтық қорғаныстың факторлары оның акторларының әрекеттерімен сипатталады. Ұлттық заңнамада аумақтық қорғаныс акторларының әрекеттері келесі ретте жіктеледі: қылмыскерлердің әрекетері, террористердің әрекеттері, сепаратистер мен экстремистердің заңсыз әскерилендірілген құралымдарының әрекеттері, қарсыластың десанттық, диверсиялық-барлау топтарының, арнайы операция күштерінің әрекетері, жекеменшік әскери, күзет компанияларының әрекетері. Сол сияқты, аумақтық қорғанысқа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп төндіреді [5].

Жоғарыда аталған акторлардың әрекеттерінің дәрежесінің ауқымына қарай аумақтық қорғаныста қолдану келесі шарттарда жүзеге асырылады: әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай, төтенше жағдай [5], соғыс жағдайы, соғыс уақыты кезеңі [6].

Әскерлердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының ауқымды бөлігін барлық бағыттар бойынша әртүрлі деңгейдегі, оның ішінде әскери-саяси, стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел және тактикалық деңгейлердегі, басқару органдарының ұйымдастыруымен атқарылатын іс-шаралар кешені қалыптастырады.

Аумақтық қорғаныста қолдануды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша атқарылатын іс-шаралар кешені келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

- заңнаманы қабылдау (жетілдіру);

- әскерлерді құру (ұйымдастыру құрылымын, құрамын сәйкестендіру);

- күштерді даярлау (кадрларды даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру);

- әскерлерді қолдану;

- әскери өнерді жетілдіру;

- даярлық жүйесін жетілдіру (жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, күштерді міндеттерді орындауға тікелей даярлау);

- ғылым мен өндірісті жетілдіру.

Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша әскерлерді аумақтық қорғаныста қолдану мәселерін біз зерттеулеріміздің барысында анықтаған болатынбыз және оларды шешу жолдары жеке талқылауға басқа жұмыстарда ұсынылған.

Аумақтық қорғаныста қолдану үшін Ұлттық ұланның күштері мен құралдары орындалатын міндеттердің сипатына байланысты тартылады.

Негізінен, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға Ұлттық ұланның келесі күштері қолданылады:

жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер;

маңызды мемлекеттік объектілерді және арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер;

арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер;

Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орыны;

арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер).

Жеке міндеттерді орындауға әскерлердің басқа күштері де тартылады.

Сондықтан, әскерлерді аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға бейімдеуді осы күштердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының ерекшеліктерін, қазіргі жай-күйін ескеріп, жетілдіру арқылы жүргізу қажетті.

Ұлттық ұланды аумақтық қорғаныста қолдану теориясы мен тәжірибесі бір-бірімен өзара тығыз байланыста және әрдайым өзгеруде болады. Аумақтық қорғаныстың факторларының өзгеруі, жүктелген міндеттерді орындау нәтижелері оның мәнің, заңдылықтарын, қағидаттарын, нысандары мен тәсілдерін өзгертеді. Сәйкесінше, міндеттерді орындау нәтижелеріне байланысты әскери өнерді жетілдіру, күштерді даярлау, даярлау жүйесін жетілдіру, ғылым мен өндірісті жетілдіру және басқа да іс-шаралар жүргізіледі. Бұл іс-шаралар өзара іс-қимылдар жүргізетін аумақтық қорғаныстың басқа күштерімен бірлесіп, мемлекеттің басқаруымен кешенді түрде жүргізілуі керек.

Ұлттық ұланның аумақтық қорғаныс жүйесінде қолданылуы кезінде қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының моделінің көрнекілігін қамтамасыз ету үшін оны 1 суретте көрсетеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 | Іс-шаралар | Заңнама қабылдау | Күштерді даярлау | Ғылым мен өнді-рісті жетілдіру | Даярлық жүйе-сін жетілдіру | Әскери өнерді жетілдіру | Әскерлерді        қолдану | Әскерлерді құру | Күштер мен құралдар | Өзара әрекеттегі құрылымдар | Ұйымдастыру | Басқару органдары |      Нәтиже:         ҰЛТТЫҚ     ҚАУІПСІЗДІК | Заңдылықтары | Қағидаттары | Нысандары | Тәсілдері | Аумақтық қорғаныстың факторлары (қатерлері) | Қылмыстық әрекеттер | Террористердің әрекеті   | Сепаратистердің ЗӘҚ әрекеті   | Эсктремистердің ЗӘҚ әрекеті   | Қарсыластың Д, ДБТ, АОК әрекеті   | ЖӘКК әрекеті, ТжәнеТСТЖ | Мақсат – қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету | Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай | Төтенше жағдай | Аумақтық қорғаныстың шарттары | Соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңі | Міндеттерді орындау | 1 сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын аумақтық қорғаныста қолдану жүйесінің моделі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын аумақтық қорғаныста қолдану жүйесінің моделін құру әскерлердің аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау бойынша қызметтік-жауынгерлік іс-қимылының толық құрылымы мен мазмұнын тереңірек тануға және ұғынуға мүмкіндік берді деп тұжырымдаймыз. 

Осы модельді басқару органдарының өздерінің кәсіби іс-қимылдарында пайдалануы әскерлерді аумақтық қорғаныс жүйесінде қолдану үшін даярлауды, міндеттерді орындауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, сонымен қатар оларды жетілдіруді жүйелі түрде іске асыруды ұтымдылауға ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын аумақтық қорғаныста қолдану сапасын арттыру мақсатында оның аспектілерін әрі қарай егжей-тегжейлі зерттеуді мақалада негізделген модельде анықталған бағыттар бойынша келешекте жүзеге асыру керек деп есептейміз.

 

Академия НГ РК

«Наука, безопасность, образование – во имя будущего»

Список журналов

ИСТОРИЯ. ТАКТИКА И ОПЕРАТИВНОЕ ИСКУССТВО

ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ

"Their digital marketing strategies transformed our online presence completely. We've seen a 300% increase in qualified leads within just 3 months."

Client
Robert Johnson
CEO, TechSolutions Inc.

Have Questions?

Call Us Now

+1 (803) 952-3845

Email Us

marketing@example.com