Научные инновации

18 02 марта, 2026 0

Методические основы преподавания казахской литературы начала ХХ в. в условиях обновленного содержания образования

The article examines the scientific and methodological aspects of teaching the works of early 20th-century Kazakh literature within the framework of the updated education content. Since the literature of this period is closely connected with the awakening of national consciousness, socio-political transformations, and the rise of enlightenment ideas, the study substantiates the need for an integrated application of historical-contextual, conceptual, interpretative, and learner-centered approaches in the teaching process. Based on literary-historical, theoretical, and pedagogical sources, the effectiveness of analyzing literary works in relation to their historical context, as well as the use of problem-based learning, project-based methods, and comprehensive literary analysis, is demonstrated. The research findings indicate that systematic teaching of the heritage of this period, in accordance with the requirements of the updated education content, contributes to the development of students' critical thinking, national identity, and research skills.

Ключевые слова: methodological foundations, historical-contextual analysis, conceptual approach, problem-based learning, project-based learning, learner-centered approach, national consciousness.

Методические основы преподавания казахской литературы начала ХХ в. в условиях обновленного содержания образования
Автор Название книги/материала Издательство Город / Год / Страница
1. Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті : оқулық / Ө. Әбдиманұлы. – Алматы : Қазақ университеті, 2012. – 302 б. 2. Тлеубекова, Б. Т., Еділхан, Ө., Әубәкір, З. М. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті : оқу құралы / Б. Т. Тлеубекова, Ө. Еділхан, З. М. Әубәкір. – Алматы : Қазақ университеті, 2019. – 256 б. 3. Смағұлов, Ж. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы : оқулық / Ж.Смағұлов. – Астана : ЕҰУ баспасы, 2017. – 384 б. 4. Қазақ әдебиетінің тарихы : 10 томдық / ҚР БҒМ, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы : ҚазАқпарат, 2006. – Т. 7 : ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – 480 б. 5. Байтұрсынұлы, А. Әдебиет танытқыш / А. Байтұрсынұлы. – Алматы : Атамұра, 2003. – 208 б. (1926 жылғы басылым негізінде). 6. Аймауытов, Ж. Тәрбиеге жетекші / Ж. Аймауытов. – Алматы : Рауан, 1991. – 160 б. (1924 жылғы басылым негізінде). 7. Дулатұлы, М. Оян, қазақ! / М. Дулатұлы. – Алматы : Жалын, 1991. – 160 б. (1909 жылғы басылым негізінде).
Для добавления комментария необходимо авторизоваться.

Increased Brand Visibility

Expand your digital footprint and reach more potential customers through targeted marketing efforts.

Higher Engagement Rates

Create meaningful connections with your audience through relevant and compelling content strategies.

Improved ROI

Maximize your marketing budget with data-driven campaigns that deliver measurable results.

Data-Driven Decisions

Make informed marketing choices based on comprehensive analytics and performance metrics.

Кіріспе. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдебиетті оқыту мазмұнды меңгертумен қатар, оқушының танымдық, коммуникативтік және құндылықтық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі білім беру парадигмасы білімді дайын күйінде игертуді емес, оны тұлғаның тәжірибелік әрекеті арқылы меңгеруді көздейді. Осы тұрғыдан алғанда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқыту мәселесі жаңа әдістемелік талаптар тұрғысынан қайта қарастыруды қажет етеді.

ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының қоғамдық, саяси және рухани өмірінде бетбұрыс жасаған тарихи кезең. Бұл уақытта ұлттық сана жаңғырып, ағартушылық идеялар кең өріс алды, азаттыққа ұмтылыс күшейді. Осындай күрделі ахуалда қалыптасқан әдебиет тек көркем шындықты бейнелеумен шектелмей, халықтың рухани бағдарын айқындаған маңызды құралға айналды.

Сондықтан ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқыту – тек пәндік білім беру мәселесі емес, ол ұлттық құндылықтарды таныту, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын нығайту міндеттерімен тығыз байланысты.

Бұл дәуір әдебиеті мазмұн, идея және жанр тұрғысынан жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ұлт тағдыры, тәуелсіздік идеясы, білім мен ғылымға үндеу, адамгершілік пен әділет мәселелері шығармалардың негізгі өзегіне айналды. Әдебиет қоғамдық ойдың қозғаушы күшіне айналып, халықты серпіліске шақырды. Осы себепті аталған кезең туындылары тарихи дерек көзі ғана емес, тәрбиелік маңызы зор рухани мұра болып табылады.

Қазіргі білім беру жүйесінде әдебиетті оқыту мәтінді жаттаумен шектелмейді. Оқушы көркем ойды саралап, тарихи жағдайды түсініп, авторлық ұстанымды бағалап, өзіндік пікір білдіре алуы тиіс. Осы тұрғыдан ХХ ғасыр басындағы шығармаларды меңгертуде дәстүрлі баяндау тәсілдерімен қатар, тарихи-танымдық талдау, проблемалық оқыту, интерпретациялық әдіс және салыстырмалы талдау секілді заманауи әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Кезең туындыларының мазмұны терең, құрылымы күрделі, символдық астары мол. Сондықтан оларды оқыту барысында дәуір шындығын, автор көзқарасын және тарихи жағдайды ескеру – басты әдістемелік талаптардың бірі. Мұндай кешенді көзқарас оқушының сыни пайымдау қабілетін дамытып, мәтінді жан-жақты қабылдауына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бұл әдебиет тұлғалық-бағдарлы оқыту ұстанымымен де үйлеседі. Себебі шығармаларда жеке тұлға тағдыры мен ұлт тағдыры өзара байланыста суреттеледі. Оқушы кейіпкер әлемін тану арқылы өзінің дүниетанымын кеңейтеді, ұлттық болмысқа қатысты көзқарасын қалыпстырады.

Осыған байланысты жаңартылған білім мазмұны жағдайында ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау – өзекті мәселелердің бірі.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – жаңартылған білім мазмұны талаптары тұрғысынан ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқытудың ғылыми-әдістемелік тұғырларын айқындап, оларды білім беру үдерісінде нәтижелі қолдану жолдарын көрсету. Осы міндетті жүзеге асыру үшін зерттеу барысында әдеби-тарихи, әдеби-теориялық және педагогикалық бағыттағы еңбектер жан-жақты әрі кешенді түрде талданды.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихи-әдеби болмысын анықтауда Ө. Әбдиманұлының «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты еңбегі негізгі теориялық тірек ретінде пайдаланылды. Бұл зерттеуде кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік алғышарттары, әдеби ағымдары мен көркемдік сипаты жүйелі түрде қарастырылған [1; 18б.]. Ғалым әдеби дамуды ұлт тағдырымен тығыз байланыстыра отырып, оның ағартушылық және азаттық идеялармен сабақтастықта өрбігенін атап көрсетеді [1; 27б.]. Аталған тұжырымдар шығармаларды тарихи контекст негізінде оқыту қажеттігін дәйектеуге мүмкіндік берді.

Кезең әдебиетінің жанрлық және поэтикалық құрылымын саралауда Б. Тлеубекова, Ө. Еділхан, З. Әубәкірдің оқу құралындағы ғылыми пайымдаулар басшылыққа алынды. Бұл еңбекте ХХ ғасыр басындағы әдебиет тақырыптық-мазмұндық және жанрлық қырынан жүйеленген [2; 42б.]. Әсіресе шығармаларды мазмұндық бағытына қарай топтастыру үлгісі оқыту үдерісінде құрылымдық бірізділік қалыптастыруға негіз болды [2; 65б.].

Әдебиетті ғылыми тұрғыдан тану мен талдаудың әдіснамалық негіздерін айқындауда Ж. Смағұлов еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңдері мен зерттеу принциптері ескерілді [3; 115б.]. Автор ХХ ғасыр басындағы әдеби мұраны бағалауда тарихи шындық пен ғылыми объективтілік қағидаларының маңызын ерекше атап өтеді [3; 139б.]. Бұл ұстанымдар шығармаларды біржақты идеологиялық тұрғыда емес, тарихи-әдеби тұтастық аясында оқыту қажеттігін негіздеуге жол ашты.

«Қазақ әдебиетінің тарихы» он томдығының жетінші томында осы кезең әдебиетінің даму ерекшеліктері мен көрнекті қаламгерлердің шығармашылық эволюциясы кеңінен талданған [4; 9б.]. Еңбекте әдеби үдерісті тарихи-типологиялық бағытта қарастыру тәсілі ұсынылады [4; 23б.]. Осы ғылыми негізге сүйене отырып, зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы талдау әдісі қолданылды. Бұл тәсіл шығармаларды дәуір шындығымен және қоғамдық өзгерістермен сабақтастыра қарастыруға мүмкіндік берді.

Көркем мәтінді талдаудың теориялық тірегі ретінде А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі қағидалар негізге алынды. Аталған еңбекте көркем туындының құрылымы, образ табиғаты, мазмұн мен пішіннің бірлігі, жанр ерекшеліктері ғылыми тұрғыда сараланған [5; 52б.]. Мәтінді құрамдас бөліктерге бөліп талдау тәсілі қазіргі әдебиетті оқыту әдістемесінде де өз маңызын жойған жоқ [5; 78б.]. Зерттеу барысында бұл теориялық тұжырымдар шығармаларды кешенді талдаудың іргетасы ретінде қолданылды.

Педагогикалық қырынан зерттеу Ж. Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» еңбегіндегі оқыту мен тәрбиені өзара ұштастыру қағидаларына сүйенді. Ғалым білім беру барысында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескерудің және тұлғалық дамуға жағдай жасаудың қажеттігін атап көрсетеді [6; 24б.]. Сонымен бірге оқу мазмұнын өмірмен байланыстыру принципін ұсынады [6; 39б.]. Бұл идеялар ХХ ғасыр басындағы әдеби туындыларды оқытуда тұлғалық-бағдарлы әрі құндылықтық бағытты ұстануға негіз болды.

М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» шығармасы зерттеу нысаны ретінде қарастырылып, оның идеялық мазмұны проблемалық оқыту әдісін негіздеуде пайдаланылды. Шығармадағы ұлттық сана мен азаттық идеясы сабақ барысында пікірталас, салыстыру, талдау әдістерін тиімді енгізуге мүмкіндік береді [7; 14б.]. Автор көтерген әлеуметтік мәселелерді саралау арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту көзделді [7; 33б.].

Тарихи-салыстырмалы әдіс шығармаларды сол дәуірдің қоғамдық жағдайымен байланыста қарастыруға мүмкіндік берді [4; 21б.]. Әдеби-теориялық талдау мәтіннің құрылымын, образдар жүйесін және жанрлық сипатын анықтауға бағытталды [5; 45б.]. Интерпретациялық тәсіл туындылардың астарлы мағынасы мен авторлық ұстанымын ашуға жағдай жасады [3; 132б.].

Педагогикалық талдау әдісі оқыту үдерісінде тиімді тәсілдерді іріктеуге бағытталды. Осы тұрғыда мазмұнды проблемалық сұрақтар арқылы меңгерту, тарихи контексті ескере отырып талдау, шығарманы идеялық қырынан саралау жолдары ұсынылды [6; 41б.; 2; 63б.].

Осылайша, зерттеу барысында қолданылған материалдар мен әдістер тарихи, әдеби-теориялық және педагогикалық негіздерді өзара ықпалдастыра қарастыруға мүмкіндік берді. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқытуда кешенді ғылыми ұстанымдарға сүйену – әдеби білім сапасын арттырудың негізгі шарты екені айқындалды.

Талдау және нәтиже.  ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті шығармаларын оқыту мәселесін тек мәтінді мазмұндап, негізгі сюжетін түсіндіру аясында қарастыру жеткіліксіз. Себебі бұл дәуір әдебиеті – ұлттық сананың серпілісімен, тарихи бетбұрыстармен және қоғамдық қозғалыстармен сабақтас қалыптасқан рухани құбылыс. Сондықтан оны оқыту барысында жай ғана мазмұндық баяндаумен немесе автордың өмірбаянын таныстырумен шектелу әдістемелік тұрғыдан тиімсіз. Зерттеу барысында анықталғандай, бұл кезең әдебиетін нәтижелі меңгертудің басты шарты – тарихи-контекстуалдық, концептуалдық, интерпретациялық және тұлғалық-бағдарлы тәсілдерді өзара үйлестіре қолдану.

Алдымен тарихи-контекстуалдық бағыттың маңызын атап өткен жөн. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті отаршылдық саясат, жер дағдарысы, ағартушылық қозғалыс, ұлттық тәуелсіздік идеясы сияқты күрделі тарихи жағдайларда дүниеге келді. Егер шығарма сол дәуір шындығынан бөлек қарастырылса, оның идеялық мазмұны толық ашылмайды. Мысалы, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» еңбегін оқытуда «ояну» сөзін жай көркем бейне емес, тарихи қажеттілік ұғымы ретінде түсіндіру маңызды. Сабақ барысында алдымен кезеңнің әлеуметтік ахуалы сипатталып, кейін мәтіндегі үндеу мазмұны талданса, оқушы ақынның азаматтық ұстанымын тереңірек ұғынады. Бұл тәсіл әдебиетті тарихпен байланыстыра оқытуға мүмкіндік беріп, шығарманың қоғамдық қызметін айқындайды.

Сонымен бірге концептуалдық талдау әдісі де тиімді нәтиже береді. Бұл тәсіл мәтінді белгілі бір жетекші ұғымдар негізінде қарастыруға бағытталады. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқытуда «ұлт», «тіл», «саналы қоғам» секілді тірек концептілерді негізге алуға болады. Оқушы осы ұғымдардың мәтіндегі қолданысын, мағыналық салмағын, эмоционалдық реңкін саралау арқылы автор идеясына тереңірек бойлайды. Мұндай талдау мазмұнды жай айтып беруден гөрі шығарманың ішкі құрылымын түсінуге жетелейді. Сонымен қатар ол мәтіндегі астарлы ойды, ұлттық дүниетаным белгілерін және идеологиялық бағдарды жүйелі түрде ашуға көмектеседі.

Кешенді әдеби талдау да маңызды әдістемелік тірек болып табылады. Бұл тәсілде шығарманың мазмұны, композициясы, образдар жүйесі және тілдік өрнегі біртұтас қарастырылады. Мысалы, Мағжан Жұмабаев поэзиясын оқытуда оның романтикалық бейнелеу тәсілін, символдық образдарын және ұлттық идеямен байланысын қатар талдау қажет. Егер өлең тек тақырыптық деңгейде қарастырылса, ақынның көркемдік жаңашылдығы толық ашылмайды. Ал поэтикалық форма мен идеялық мазмұнды сабақтастыра талдау оқушының әдеби талдау қабілетін дамытады.

Проблемалық оқыту әдісі де бұл кезең әдебиетін меңгертуде өз нәтижесін көрсетеді. ХХ ғасыр басындағы көптеген шығармалар оқырманды ойландыруға, сұрақ қоюға, әрекетке шақыруға құрылған. Сондықтан сабақ барысында проблемалық сұрақтарды орынды пайдалану мәтін табиғатына сай келеді. Мысалы, Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын талдауда «Ақын аңсаған қоғам қандай сипатта болды?» немесе «Қазіргі қоғам сол мұратқа қаншалықты сәйкес келеді?» деген сұрақтар оқушыны салыстыра ойлауға бағыттайды. Бұл тәсіл әдебиетті бүгінгі өмірмен байланыстырып, оқушының азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жобалау әдісі де зерттеушілік қабілетті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мәселен, «Ұлттық сана және ХХ ғасыр басындағы әдебиет» тақырыбында шағын жоба әзірлеу тапсырылса, оқушылар белгілі бір қаламгердің шығармаларын таңдап, ондағы ұлттық идея көріністерін талдайды, салыстырады, тұжырым жасайды. Осындай жұмыс барысында оқушы мәтінді өз бетінше зерделеп, ақпаратты сұрыптауды, дәлелдеуді үйренеді. Жобалық тәсіл шығарманы жаттап алудан гөрі саналы әрі шығармашылық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.

Тұлғалық-бағдарлы оқыту ұстанымы да айрықша мәнге ие. ХХ ғасыр басындағы қаламгерлер жеке адам тағдыры мен ұлт тағдырын өзара сабақтастықта бейнеледі. Сондықтан шығарманы талдау барысында кейіпкердің ішкі әлемін, моральдық таңдауын, тарихи жауапкершілігін түсіну маңызды. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытов прозасын оқыту кезінде кейіпкер психологиясын талдау оқушыға адам болмысының күрделілігін сезінуге көмектеседі. Бұл тәсіл әдебиетті тәрбиелік құрал ретінде нәтижелі пайдалануға жағдай жасайды.

Аталған әдістерді кешенді түрде қолдану оқу сапасын арттырады. Тарихи-контекстуалдық талдау мен жүйелі проблемалық сұрақтар мәтінді терең түсінуге жол ашады. Концептуалдық модельдеу шығарманың идеялық өзегін айқындауға көмектеседі. Жобалық жұмыстар оқушылардың белсенділігін күшейтіп, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтеді. Әсіресе шығармаларды қазіргі өмірмен байланыстыру тәсілі әдебиетке деген қызығушылықты арттырады.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті шығармаларын оқытуда тарихи-контекстуалдық талдау, концептуалдық модельдеу, кешенді әдеби сараптау, проблемалық оқыту және жобалау әдісі өзара байланыста қолданылуы тиіс. Осындай бірізді жүйе арқылы ғана шығарманың көркемдік әрі идеялық болмысы толық ашылады. Нәтижесінде оқушы тек теориялық білім алып қоймай, ұлттық сана, тарихи жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан да қалыптасады.

Осы тұрғыдан алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиетті оқыту – өткенді танып-білу ғана емес, қазіргі ұрпақтың рухани бағдарын айқындауға бағытталған маңызды үдеріс. Әдістемелік негіздер жүйелі түрде енгізілген жағдайда бұл кезең әдебиеті білім беру жүйесінде терең әрі нәтижелі меңгеріледі.

Қорытынды. Қорытындылай айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туындыларын оқыту – ұлттық мәдениет пен тарихи сананы қалыптастырудың маңызды тетігі. Бұл дәуір әдебиеті халықтың қоғамдық, саяси және рухани даму үдерісін бейнелеп қана қоймай, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, тәуелсіздік мұратын және жаңғыру идеясын жеткізетін рухани негіз болып табылады. Шығармаларды тарихи-контекстуалдық тұрғыда талдап оқыту арқылы оқушылар сол кезеңнің қоғамдық ахуалын, идеологиялық бағытын және әдебиеттің әлеуметтік қызметін тереңірек түсіне алады.

Сонымен бірге ХХ ғасыр басындағы әдеби мұраны меңгертуде концептуалдық және интерпретациялық әдістердің маңызы айрықша. Мәтін құрамындағы этномәдени ұғымдарды, символдық бейнелерді, астарлы ой мен ұлттық идеяларды жүйелі саралау оқушының сыни ойлау қабілетін жетілдіреді әрі шығарманың көркемдік және мазмұндық құрылымын жан-жақты ұғынуға жол ашады. Жобалық жұмыстар мен проблемалық сұрақтарды қолдану нәтижесінде оқушы мәтінді жай қабылдаушы емес, оны талдап, салыстырып, тұжырым жасай алатын белсенді субъект деңгейіне көтеріледі.

Сондықтан жаңартылған білім мазмұны жағдайында ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқытуда әдістемелік негіздер біртұтас әрі үйлесімді жүйеде жүзеге асырылуы тиіс. Тарихи-контекстуалдық талдау, концептуалдық модельдеу, кешенді әдеби сараптау, жобалау технологиясы және тұлғалық-бағдарлы оқыту тәсілдерін сабақтастыра пайдалану шығарманы терең меңгеруге, оқушының әдеби талдау, зерттеушілік және ұлттық сана құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай жүйелі әдістемелік ұстанымдар енгізілген жағдайда, ХХ ғасыр басындағы әдебиет қазіргі білім беру кеңістігінде мазмұнды әрі нәтижелі оқытылып, жас ұрпақтың рухани-танымдық дамуына елеулі үлес қосады.

НИИ Неотехнологий и Безопасности

Публикация научных и прикладных исследований в области инноваций, цифровых технологий, образования, экономики, инженерии, энергетики, экологии, безопасности и междисциплинарных наук

Список журналов

"Their digital marketing strategies transformed our online presence completely. We've seen a 300% increase in qualified leads within just 3 months."

Client
Robert Johnson
CEO, TechSolutions Inc.

Have Questions?

Call Us Now

+1 (803) 952-3845

Email Us

marketing@example.com