ӘОЖ: 37.026.6
ҒТАМР: 14.25.09

МАҚСҰТ Ш.Ш.

4-курс студенті, 6В01601 - «Тарих» білім беру бағдарламасы. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан. E-mail: maksut.sholpan@gmail.com

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА МЕМУАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Андатпа. Мақалада Қазақстан тарихы сабағында мемуарлық деректерді пайдалану жолдары қарастырылады. Мемуар жанрының мәні, жанрлық ерекшеліктері мен классификациясы, Қазақстанда мемуартанудың зерттелу деңгейі сараланады. XX ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Желтоқсан оқиғасы куәгерлерінің естеліктерін тарих сабағында қолданудың нақты әдістемелік тәсілдері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде тарих пәнін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған.

Түйінді сөздер: мемуар, естелік, тарихи дерек, Қазақстан тарихы, мемуаристика, тарихты оқыту, мемуарлық деректер, білім беру

МАКСУТ Ш.Ш.

студент 4-го курса, образовательная программа 6В01601 - «История». Карагандинский национальный исследовательский университет им. Е.А. Букетова, Караганда, Казахстан. E-mail: maksut.sholpan@gmail.com

ПУТИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕМУАРНЫХ ИСТОЧНИКОВ НА УРОКАХ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА

Аннотация. В статье рассматриваются пути использования мемуарных источников на уроках истории Казахстана. Анализируются сущность жанра мемуаров, их жанровые особенности и классификация, а также уровень изученности мемуаристики в Казахстане. Предлагаются конкретные методические подходы к применению воспоминаний деятелей начала XX века, ветеранов Великой Отечественной войны и очевидцев событий Желтоқсан на уроках истории. Результаты исследования направлены на повышение качества преподавания истории в общеобразовательных школах.

Ключевые слова: мемуары, воспоминания, исторический источник, история Казахстана, мемуаристика, обучение истории, мемуарные данные, образование

MAKSUT S.S.

4th year student, Educational program 6В01601 - "History". Karaganda National Research University named after E.A. Buketov, Karaganda, Kazakhstan. E-mail: maksut.sholpan@gmail.com

WAYS OF USING MEMOIR SOURCES IN HISTORY OF KAZAKHSTAN LESSONS

Annotation. The article examines ways of using memoir sources in History of Kazakhstan lessons. The essence of the memoir genre, its genre features and classification, as well as the level of memoir studies in Kazakhstan are analyzed. Specific methodological approaches to using memoirs of early 20th century figures, Great Patriotic War veterans, and witnesses of the Zheltoqsan events in history lessons are proposed. The research results are aimed at improving the quality of history teaching in secondary schools.

Keywords: memoirs, reminiscences, historical source, history of Kazakhstan, memoir studies, history teaching, memoir data, education

Кіріспе

Бүгінгі таңда тарих ғылымының дамуында үлкен үлес қосқан тарихи оқиғалар куәгерлерінің автобиографиялық шығармаларын, естеліктерін, күнделіктерін тарихи дерек ретінде зерттеу аса маңызды қажеттілік болып табылады.

Шындығында да, мектеп оқушылары күрделі тілде жазылған оқулықтар оқығаннан гөрі, тарих туралы жазылған жеке тұлғалардың естеліктерін оқу барынша қызықтырады деген ойдамыз. Мемуарлық деректерді Қазақстан тарихы сабағында қолдану - оқушылардың тарихи оқиғаларды терең әрі шынайы қабылдауына мүмкіндік беруінде. Мемуарлық деректер арқылы оқушылар белгілі бір кезеңнің куәгерлері мен қатысушыларының көзқарасын танып, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы нақты мәлімет алады.

XX ғасыр бойындағы қазақ тарихы мен әдебиетінде Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, әскери жазушылар Б. Момышұлы, Д. Снегин және т.б. естелік, өмірбаяндық сипатта жазғандары, тарихи оқиғалардың тікелей куәгерлері ретінде құнды деректер санатында деректердің маңызды кешенін құрайды.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан тарихы сабағында мемуарлық деректерді, оның ішінде XX ғасырдағы қайраткерлер, Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан оқиғасына байланысты естеліктерді пайдалану жолдарын зерделеу.

Материалдар мен әдістер

Зерттеудің дерекнамалық негізін ХХ ғасыр бойындағы қайраткерлердің, қарапайым еңбекшілердің т.б. естеліктері, ғұмырнамалық деректері, хаттары, күнделіктері құрайды. Атап айтқанда, алаш зиялыларының Ә.Н. Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың және М.Шоқайдың еңбектері мен мемуарлары; Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», «Қолбасшы күнделігі» шығармалары; 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысты куәгерлердің естеліктері пайдаланылды [1; 2; 3].

Негізгі әдіснамалық бағыттар ретінде тарихилық, объективтілік, тарихи салыстырмалы талдау, жүйелілік, сипаттамалық және құрылымдық талдау әдістері алынды. Тарих сабағында мемуарлармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін анықтау үшін 8-9 сыныптарда тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Нәтижелер

Мемуардың түсінігі, жанрлық ерекшеліктері және классификациясы

Мемуаристика - тарихи, қоғамдық, болмаса жеке өмірлік оқиғаларды баяндайтын, автордың өз көзімен көрген немесе куәгер болған жағдайларды, тарихи оқиғаларды сипаттайтын жанр. Мемуарлар естеліктер негізінде жазылатындықтан, олар тарихи дереккөз ретінде ерекше маңызды болып табылады.

Тарихи естеліктер (француз тілінен memoires, латын тілінен memoria - естелік) дегенді білдіреді. Орыс ғалымдары XIX ғасырда-ақ мемуарға «автордың өзі қатысқан немесе белгілі бір оқиғалар туралы замандастардың жазбалары-естеліктерді баяндау» деп анықтама берген болатын [5; 504].

Естеліктер - бұл өткен оқиғаларды еріксіз бекіту ғана емес, бұл мойындау, ақтау, айыптау және ойлау. Сондықтан естеліктер, басқа құжаттарға қарағанда, субъективті. Бұл кемшілік емес, бұл - естеліктердің қасиеті. Өйткені олар автордың жеке басының ізін қалдырады [8; 13].

З.Т. Кәрімхан, Қ.А. Әубәкірова және А.А. Қасымова естеліктерді алты негізгі санатқа бөліп қарастырды: 1) автобиографиялық естеліктер; 2) тарихи естеліктер; 3) әдеби естеліктер; 4) эссе-естеліктер; 5) саяхат жазбалары; 6) куәгерлердің естеліктері [6; 255–256].

Қазақстан тарихында мемуарлық деректердің қалыптасуы және зерттелуі

Мемуартану Қазақстанда аз зерттелген пән болып қала береді. Отандық деректану мәселелерін әзірлеу қажеттілігі қазақстандық ғалымдардың, оның ішінде әдебиеттанушылардың да зерттеулерінде қозғалған.

Н.Ақыш өзінің еңбегінде мемуарға анықтама беріп, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындайды, қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармаларға талдау жасайды. Ғалымның пікірінше, С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» шығармасы тек көркем әдеби туынды ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайын шынайы бейнелейтін құнды мемуарлық деректік еңбек болып табылады [8].

Н.Қ. Омаров өз монографиясында мемуарлық деректі көркем әдебиеттен даралайтын оның деректік сипаты екенін айтады. Мемуарда автордың өз ойынан қосатыны аз болатынын, тарихи шындық пен авторлық естелік қатар берілетінін баяндайды [9].

Тарих сабағында мемуарлық деректерді қолдану тәсілдері

ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі тарихи оқиғаларды естеліктерді қолдану арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізуге болады деп есептейміз. Тарихи дереккөздерді пайдалануды бұл әдістері білім беру процесін неғұрлым қызықты және мағыналы етеді.

8-сынып оқулығындағы §29-30 «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы» тақырыбы бойынша 8.3.2.2 - Б. Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес сабақ өткізу барысында тарихи дерек ретінде естеліктерді қолдануды қажет.

Естеліктермен жұмыс жасау барысында мозайка әдісін қолдануға болады, ол деректі екі не көп бөлікке бөліп, кейін ортақ бір қорытынды ой жасақталады. Тапсырма нұсқасы ретінде 8 сынып білім алушыларына берілген естеліктерді меңгерте отырып, мынадай тапсырмаларды беруге болады: Б.Момышұлы естеліктеріндегі генерал И.В. Панфиловтың қандай тұлғалық қасиеттері аталып өтілген? Оның әскери өнердегі кәсіби шеберлігі неден көрінеді?

«Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғалары» тақырыбында 9-сынып оқушыларына «Тарихи реконструкция» әдісі арқылы тапсырмалар беруге болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар тарихи оқиғаны жай ақпарат ретінде қабылдамай, сол кезеңнің атмосферасын сезініп, кейіпкерлердің әрекетіне талдау жасайды. Бұл әдіс 3-кезеңнен тұрады: 1-кезең - қызығушылықты ояту; 2-кезең - тарихи реконструкция; 3-кезең - рөлдік көрініс.

Талқылау

Тарихи негізде оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру дереккөздер келесі кезеңдерді қамтиды: 1) оқытушы дереккөзмен жұмыс үлгісін ұсынады; 2) мұғалім мен оқушылардың дереккөзді талдау жөніндегі бірлескен қызметі; 3) оқушылардың құжаты бар дербес жұмысы; 4) сабақта немесе үйде дереккөзмен дербес зерттеу жұмысы.

Дереккөздермен жұмыс оқушыларды зерттелетін оқиғаға жақындатады, зерттелетін мәселеге өз көзқарасын жасауға мүмкіндік береді. Тарихи дереккөздер негізінде зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру барысында танымдық қызметтің үш деңгейіне бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет: көбейту, түрлендіру, шығармашылық-іздеу [5].

Мемуарлар тек өткен оқиғаларды сипаттап қана қоймай, сол заман адамдарының дүниетанымын, көзқарасын, сезімін, қоғамға деген қатынасын көрсетуімен де құнды болып табылады. А.Г. Тартаковский мемуарлық дереккөздер дәуірдің жаппай күйлерін бекітумен сипатталғанына, тарихтағы адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтары туралы ақпаратты қамтитынына назар аударды [2].

Қорытынды

Мемуарлық деректер - тарих ғылымындағы маңызды дерек көздерінің бірі. Олар белгілі бір кезеңнің саяси, әлеуметтік, мәдени жағдайларын сол оқиғаның куәгері болған адамның көзімен жеткізеді. Сондықтан мемуарлар ресми құжаттарда кездесе бермейтін көптеген мәліметтерді сақтап қалады.

Жалпы алғанда, мемуарлық деректер тарих ғылымында ғана емес, білім беру саласында да маңызды рөл атқарады. Олар тарихи оқиғаларды жанды түрде қабылдауға, өткен кезеңнің рухын сезінуге мүмкіндік береді. Мемуарлар арқылы адам тағдыры мен тарихи оқиға арасындағы байланысты көруге болады. Сондықтан мемуарлық деректерді жинақтау, зерттеу және оқу үдерісінде кеңінен қолдану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

Зерттеу жұмысын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 8-9 сыныптарда тақырыптарды түсіндіруде естеліктермен жұмыс жасау нұсқалары жасалынды. Зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мекемелерінде тарих сабағын оқытуда, тарихи тұлғаларды зерттеуге арналған арнайы курстар мен ғылыми жобаларға әдістемелік негіз ретінде қолдануға болады.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
  1. Черноморский М.Н. Мемуары как исторический источник: Учеб. пособие по источниковедению истории СССР. – Москва, 1958.
  2. Тартаковский А.Г. Русская мемуаристика XVIII – первой половины XIX в. – М., 1991.
  3. Голубцов В.С. Мемуары как источник по истории советского общества. – Москва, 1970.
  4. Данилевский И.Н., Кабанов В.В., Медушевская О.М. Источниковедение: Теория. История. Метод. – Москва, 1998. – 634 с.
  5. Кәрімхан З.Т., Әубәкірова Қ.Ә., Қасымова А.А. Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: қалыптасуы мен жанрлық ерекшелігі // Ш.Уәлиханов ат. КУ хабаршысы. Филология сериясы. – №3. – 2025. – 245–258 бб.
  6. Жолмаханова А.Б. Мемуардың жанрлық көпқырлығы // Известия НАН РК. Серия общественных и гуманитарных наук. – №5. – 2017. – 153–157 бб.
  7. Ақыш Н. Қазақ мемуарлық романы. – Алматы: «Арда», 2010. – 416 б.
  8. Омаров Н.Қ. Тәуелсіздік жылдардағы мемуарлық романдар. Монография. – Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, 2021. – 180 б.
  9. Момышұлы Б. Қолбасшы күнделігі. – Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2016. – 456 б.
  10. Қонаев Д.А. Ақиқаттан аттауға болмайды. Естелік-эссе. – Алматы: «Marfu Press», 2022. – 400 б.
  11. Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары. – Алматы: «Мерей», «Қазақстан», 1994. – 224 б.
  12. Қабылдинов З.Е. және т.б. Қазақстан тарихы. 8-сынып оқулығы. – Алматы: Атамұра, 2025.
REFERENCES:
  1. Chernomorskiy M.N. Memuary kak istoricheskiy istochnik. – Moskva, 1958.
  2. Tartakovskiy A.G. Russkaya memuaristika XVIII – pervoy poloviny XIX v. – M., 1991.
  3. Golubtsov V.S. Memuary kak istochnik po istorii sovetskogo obshchestva. – Moskva, 1970.
  4. Danilevskiy I.N., Kabanov V.V., Medushevskaya O.M. Istochnikovedenie: Teoriya. Istoriya. Metod. – Moskva, 1998. – 634 p.
  5. Karimkhan Z.T., Aubakirova K.A., Kasymova A.A. Memuary v kazakhskoy literature: stanovlenie i zhanrovye osobennosti // Vestnik KU im. Sh.Ualikhanova. Ser. filologiya. – №3. – 2025. – P. 245–258.
  6. Zholmakhanova A.B. Zhanrovoe mnoobrazie memuarov // Izvestiya NAN RK. Ser. obshchestvennykh i gumanitarnykh nauk. – №5. – 2017. – P. 153–157.
  7. Akysh N. Kazakhskiy memuarnyy roman. – Almaty: «Arda», 2010. – 416 p.
  8. Omarov N.K. Memuarnye romany let nezavisimosti. Monografiya. – Karaganda: «Medet Group», 2021. – 180 p.
  9. Momyshuly B. Komandiрskiy dnevnik. – Almaty: «Khantangiri», 2016. – 456 p.
  10. Kunayev D.A. Nelzya stupat cherez pravdu. – Almaty: «Marfu Press», 2022. – 400 p.
  11. Beyiskul T. Zheltoqsan – dekabr 1986. – Almaty: «Merey», 1994. – 224 p.
  12. Kabyldynov Z.E. et al. History of Kazakhstan. Textbook for grade 8. – Almaty: Atamura, 2025.
PDF оттиск
PDF оттиск
Қазақстан тарихы сабағында мемуарлық деректерді пайдалану жолдары

ЦИФРОВИЗАЦИЯ И ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

ИННОВАЦИОННАЯ ПЕДАГОГИКА И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

ЭКОЛОГИЯ И ОКРУЖАЮЩАЯ СРЕДА

КОМПЛЕКСНАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ И УСТОЙЧИВОСТЬ

ЭКОНОМИКА И МЕНЕДЖМЕНТ

ЭНЕРГЕТИКА И РЕСУРСОСБЕРЕЖЕНИЕ

"Their digital marketing strategies transformed our online presence completely. We've seen a 300% increase in qualified leads within just 3 months."

Client
Robert Johnson
CEO, TechSolutions Inc.

Have Questions?

Call Us Now

+1 (803) 952-3845

Email Us

marketing@example.com