AutoSciPub

Material

ӘОЖ: 372.862
ҒТАМР: 16.31.02

АРНАЙЫ ӘСКЕРИ ЖОО-ДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Андатпа. Бұл мақалада білім беру үдерісінде оқытушының кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті мәселелері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашыл талаптар оқытушыдан үздіксіз кәсіби дамуды, педагогикалық шеберлікті жетілдіруді және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануды талап етеді. Зерттеуде кәсіби құзыреттіліктің құрылымы, оның негізгі компоненттері және оларды дамыту жолдары талданады. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курстарының, тәжірибе алмасудың, цифрлық ресурстарды пайдаланудың және өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығы айқындалады. Мақала нәтижелері оқытушылардың кәсіби әлеуетін дамытуға, білім сапасын арттыруға және білім беру ұйымдарының тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстарды қамтиды. Курсанттармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері айқындалып, оқытушының кәсіби дамуын қамтамасыз ететін негізгі бағыттар ұсынылады. Зерттеу нәтижелері әскери және арнаулы жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

ЭФФЕКТИВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПОВЫШЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ СПЕЦИАЛЬНОГО ВОЕННОГО ВЫСШЕГО УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ

Аннотация. В данной статье рассматриваются актуальные вопросы повышения профессиональной компетентности преподавателя в образовательном процессе. Современные изменения и новые требования в системе образования обусловливают необходимость непрерывного профессионального развития преподавателя, совершенствования его педагогического мастерства и эффективного применения современных образовательных технологий. В исследовании проанализированы структура профессиональной компетентности, её основные компоненты и пути их развития. Кроме того, раскрывается значение курсов повышения квалификации, обмена профессиональным опытом, использования цифровых ресурсов и самообразования. Результаты статьи содержат практические рекомендации, направленные на развитие профессионального потенциала преподавателей, повышение качества образования и обеспечение эффективной деятельности образовательных организаций. Определены особенности работы с курсантами и предложены основные направления, обеспечивающие профессиональное развитие преподавателя. Результаты исследования ориентированы на повышение качества образования в военных и специальных высших учебных заведениях.

EFFECTIVE APPROACHES TO ENHANCING THE PROFESSIONAL COMPETENCE OF FACULTY MEMBERS AT A SPECIALIZED MILITARY HIGHER EDUCATION INSTITUTION

Annotation. This article examines the current issues of enhancing teachers’ professional competence in the educational process. Contemporary changes and emerging requirements in the education system necessitate continuous professional development, the improvement of pedagogical skills, and the effective integration of modern educational technologies into teaching practice. The study analyzes the structure of professional competence, its key components, and the approaches to their development. Furthermore, the article highlights the importance of professional development courses, the exchange of teaching experience, the use of digital resources, and self-directed learning. The findings provide practical recommendations aimed at strengthening teachers’ professional capacity, improving the quality of education, and enhancing the effectiveness of educational institutions. Particular attention is given to the specific features of working with cadets, and the main directions for supporting teachers’ professional development are identified. The research findings are intended to contribute to improving the quality of education in military and specialized higher education institutions.

Кіріспе.

Жаһандану жағдайында білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күн сайын артып келеді. Әсіресе әскери және арнаулы оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушылардың кәсіби даярлығы мен құзыреттілігі курсанттарды сапалы даярлаудың негізгі факторы болып табылады. Қазіргі курсант тек теориялық білімді меңгеруші ғана емес, кәсіби міндеттерді тиімді орындай алатын, сыни ойлайтын және өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын маман болуы тиіс. Сондықтан оқытушының кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру өзекті мәселе болып саналады. Жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар жан-жақты жақсы тәрбиелеу – қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі деп есептейміз, сонымен қатар олар білім берушілерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сонымен қатар, ол ежелден қалыптасқан қағидалардың бірі. Десек те, әр адам жеке тұлға ретінде қалыптасады, сондықтан әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем болып саналады. Оның өзінің жеке ой-пікірі, өмірге деген көзқарасы, сонымен қатар ішкі жан дүниесі өзінше қалыптасады. Ал уақыт өтіп, қоғамдағы көзқарас дамыған сайын, оқытушының  да қоршаған ортаға көзқарасы өзгеріп, қызметі қиындай түсетіні анық.

Бүгінгі педагог шәкіртіне білім ғана беріп қоймай, оны қоршаған ортада болып жатқан қатаң бәсеке жағдайында өзін қалыптастыра білуге, экономикалық кеңістікке шыға білуге тәрбиелеуі қажет. Ол әрине, кез келген оқытушының қолынан келе бермейді. Сондықтан, әр уақытта білім берумен қатар адамгершілік қасиеттерді бойларына дарыту, біздің басты міндетіміз деп есептейміз. Яғни, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде, оларға тиімді жағдайлар жасау әрине  ұстаздар қауымына тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі кездегі кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеу көкейтесті мәселелерінің бірі – заман ағымына  сай заманауи білім беру, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, жасанды интеллекті пайдалану болып табылады7

         

Материалдар мен әдістер.

Кәсіби құзыреттілік – оқытушының білім, білік, дағды және тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы. Ол білім беру қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғалымдардың пікірінше, кәсіби құзыреттілік келесі компоненттерден тұрады: пәндік құзыреттілік, педагогикалық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, цифрлық құзыреттілік, зерттеушілік құзыреттілік, тұлғалық және көшбасшылық қасиеттер. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, пәндік құзыреттілік – белгілі бір оқу пәні немесе кәсіби сала бойынша білімді меңгеріп қана қоймай, сол білімді нақты жағдайларда тиімді қолдана алу қабілеті. Оған мыналар кіреді: пән бойынша негізгі теориялық білім, практикалық дағдылар мен біліктер, ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеті, пәндік мәселелерді шешу дағдылары, алған білімді өмірде және кәсіби қызметте қолдану. Мысалы, тілдерді оқыту кезінде пәндік құзыреттілік тек ережелерді жаттау емес, оларды жаттығу кезінде дұрыс пайдалануға, күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуде қолдана білу болып табылады. Қысқаша айтқанда, пәндік құзыреттілік – адамның белгілі бір пән бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеріп, оларды іс жүзінде қолдана алу қабілеті деп қорытындылауға болады. Ал педагогикалық құзыреттілікке келетін болсақ, кез келген оқытушының білім беру мен тәрбиелеу қызметін тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретін кәсіби білімдерінің, дағдыларының, тәжірибесінің және жеке қасиеттерінің жиынтығы. Оған келесі оқыту жолдарын жатқызуға болады: оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін білу, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру, курсанттардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, тиімді оқыту әдістері мен технологияларын қолдану, оқушылардың білімін бағалау, қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық орнату, кәсіби дамуға ұмтылу және өзін-өзі жетілдіру. Қазақ тілі оқытушысы «Мамандыққа байланысты терминдер» тақырыбын өткенде білім алушыларға тек ережені түсіндіріп қана қоймай, түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырғызу, мамандыққа байланысты суреттер көрсетіп, заттардың белгілерін сипаттатқызады, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырады, интерактивті тапсырмалар береді. Сабақ соңында болашақ офицерлердің түсіну деңгейін бағалап, кері байланыс жүргізеді. Бұл жерде оқытушы белсенді оқыту технологияларын қолдану, оқу нәтижелерін бағалау сияқты тиімді әдіс жолдарын пайдалану арқылы сапалы білім бере алады. Сондықтан  педагогикалық құзыреттілік - оқытушының кәсіби міндеттерін сапалы орындауға мүмкіндік беретін білім, білік, дағды және тұлғалық қасиеттер жүйесі деген тұжырымға келеміз [2].

Коммуникативтік құзыреттілікке келетін болсақ, адамның түрлі жағдайларда өз ойын анық, түсінікті және сауатты жеткізе білуі, сондай-ақ басқалардың пікірін тыңдап, түсініп, тиімді қарым-қатынас орната алу қабілеті.

Зерттеу нәтижелері.

Кәсібилік әр педагогқа жеңіл жолмен келе салмайды, ол көп еңбек пен талпынысты талап етеді. Өз ісінің маманы болуы үшін, кәсіби дәрежеге жету үшін келесі кезеңдерден өтуі қажет деп санаймыз: 1) өз мамандығына бейімделу кезеңі; 2) мамандықта өзін-өзі шыңықтыру; 3) мамандықты еркін  меңгерген  кезең; 4) мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша, кәсіби жетілген және құзыреттімаман болып қалыптасады. Жылдар өте келе шебер, жаңашыл, зерттеуші, кәсіби дәрежесіне көтерілген тұлға ретінде танылады.

Талқылау.

Білім беруде кәсіби жетілген оқытушы деп өз мамандығы бойынша пәнді жақсы білетін, әр білім алушының шығармашылығы мен жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық - ізгілілік бағыттылығы мен педагогикалық шеберлігі жоғары, қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімін әрдайым жоғарылатып, кез келген жаңашыл әдістерді сараптай алатын, отандық және шетелдік әріптестерінің  тәжірибелерін шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Беделді педагог, ең алдымен, өзінің жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне байланысты және ұстаз өз жұмысына берілген ынталық пен табандылыққа үйренген, өз мамангдығына құштар болса ғана, өз тәжірибесін, құнды білімі мен шеберлігін, өз сенімін басқаларға жеткізе алады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын толық меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес екенін жақсы білеміз. Жаңа технологияны меңгеру  білім беруші зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына ықпал етеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни, жаңа технологияларды меңгеру әр оқытушыны заманауи қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – кәсіби жетілдірілген, сауатты маман шығарудың негізгі кепілі деп есептейміз.

Сонымен қатар, Қазақстандағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігі негізінен «Білім туралы» ҚР Заңы және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Олар мұғалімнің біліктілігі мен кәсіби деңгейін көтерудің заңнамалық негіздерін қалайды. Заңнамадағы педагогтердің құзыреттілігіне қатысты маңызды нормалар: үздіксіз білім беру және даму. Сонымен қатар педагог өз біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдап отыруға міндетті деп айтылған. Жоғарыда айтылған құзыреттілікті іске асыру мақсатын қарастыратын болсақ, Заң бойынша білім беру процесі тек оқытуды ғана емес, сонымен қатар болашақ офицерлерді адамгершілік, зияткерлік, мәдени және отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға ықпал етеді.

Қорытынды.

Қорыта айтқанда, курсанттарды сапалы даярлау оқытушының кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда кәсіби құзыреттілікті арттыру үшін үздіксіз білім алу, инновациялық технологияларды енгізу, цифрлық сауаттылықты дамыту, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу және өзін-өзі жетілдіру арқылы жүзеге асады. Бұл бағыттардың тиімді іске асырылуы курсанттардың кәсіби даярлығының сапасын арттырып, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар заман талабына сай қазіргі кезде әр оқытушының жаңа мәселелерді жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді.  Сондықтан әрбір педагогтың  оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, педагогикалық-психологиялық мәселелерімен үнемі қаруланып отыруы қажет. Курсанттарды жан-жақты білімдар етіп оқытып-тәрбиелеуде оқытушының алатын орны ерекше екендігі күмәнсіз. Сол себепті педагогтың педагогика, психология талаптарына сай терең ғылыми білімі бар болуымен қатар күнделікті, өмірлік білімділігі қажет. Әр білім беруші өз еңбегін ғылыми негізде, бүгінгі күн талабына сай құра білген жағдайда ғана болашақ офицерлер сапалы білім ала алады.

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
  1. Боранбаева Г. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. – 2013. – №4. – 30-б.
  2. Оспанова М.Х. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі //Алтынсарин педагогикалық оқулары. – Қостанай, 2024. – 25-б.
  3. Құдайқұлов М., Жексенбаева Ү. Педагогикалық шеберлік негіздері. // – Алматы: Білім, 2021. – 42-б.
  4. Сыздықбаева А., Тұрланқызы А. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі // Педагогика және психология. – 2021. – №4(49). – 138–147 б.
  5. Ибраева А.Р., Адильжанова Д.А. Development of Professional Competence of Teachers // Высшая школа Казахстана. – 2021. – №3.
  6. Мальгаждарова Т.Г. Роль педагогических знаний в системе подготовки курсантов в военных вузах // Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Педагогические науки. – 2021. – Т.72, №4. – Б.161–164.
  7. Хуторской Андрей Викторович Ключевые компетенции как компонент личностно ориентированной парадигмы образования // Народное образование. – 2003. – №2.
  8. Байденко Владимир Иванович Компетенции в профессиональном образовании. – М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004.
  9. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы. Білім туралы - Zan.gov.kz.
REFERENCES:
  1. Boranbaeva G. Mughalimning kasibi quzyrettiligi // Qazaq adebieti zhane memlekettik til. – 2013. – №4. – 30-b.
  2. Ospanova M.Kh. Qazaq tili men adebieti sabaqtarynda tsifrlyq tekhnologiyalardy qoldanu adistemesi //Altynsarin pedagogikalyq oqulary. – Qostanay, 2024. – 25-b.
  3. Qudayqulov M., Zheksenbaeva U. Pedagogikalyq sheberlik negizderi. // – Almaty: Bilim, 2021. – 42-b.
  4. Syzdyqbaeva A., Turlanqyzy A. Zhangartylghan bilim beru mazmunyndaghy bolashaq bastauysh synyp mughalimining kasibi quzyrettiligi // Pedagogika zhane psikhologiya. – 2021. – №4(49). – 138–147 b.
  5. Ibraeva A.R., Adilzhanova D.A. Development of Professional Competence of Teachers // Vysshaya shkola Kazakhstana. – 2021. – №3.
  6. Malgazhdarova T.G. Rol pedagogicheskikh znaniy v sisteme podgotovki kursantov v voennykh vuzakh // Vestnik KazNPU imeni Abaya. Seriya: Pedagogicheskie nauki. – 2021. – T.72, №4. – B.161–164.
  7. Khutorskoy Andrey Viktorovich Klyuchevye kompetentsii kak komponent lichnostno orientirovannoy paradigmy obrazovaniya // Narodnoe obrazovanie. – 2003. – №2.
  8. Baydenko Vladimir Ivanovich Kompetentsii v professionalnom obrazovanii. – M.: Issledovatelskiy tsentr problem kachestva podgotovki spetsialistov, 2004.
  9. «Pedagog martebesi turaly» QR Zangy. Bilim turaly - Zan.gov.kz.

Discussion

No comments yet.

Sign in to take part in the discussion.
Effective Approaches to Enhancing the Professional Competence of Faculty Members at a Specialized Military Higher Education Institution
AutoSciPub
The demo form has been sent successfully.